"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы қызылордалықтар үшін дауылды ескерту жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
26 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.
– Жел батыстан, солтүстік батыстан соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, облыс орталығында 23-28 метр жел көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, – делінген хабарламада.