Жібек Құламбаева Қазақстан чемпионатында топ жарды

Жаңалықтар

Елордада теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева қарсылас шақ келтірмеді.

Жібек финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы тартысты матчта 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.

Осылайша, Құламбаева елімізде мықты теннисшілердің бірі екендігін тағы бір дәлелдеді.

Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңген Іңкәр Дүйсебай қола жүлдеге ие болды.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанғанын хабарлаған едік.