Жерасты дүмпуі бірнеше елдімекенде сезілген.
25 шілдеге қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 02:40-та Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан.
"Жерасты дүмпулері бірнеше елді мекенде сезілген. Массы қаласы мен Қара-Бұлақ ауылында сілкініс шамамен 4 баллды, Кочкор-Ата мен Гелеген ауылында 3,5 баллды, ал Майлуу-Суу қаласында шамамен 3 баллды құраған", – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі тіркелмеді.