Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтар (Gazella subgutturosa) фототұзаққа түсіп қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео ұйымның Instagram-парақшасында жарияланған.
"Қарақұйрық — Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында кездесетін, саны күрт азайып кеткен тұяқты жануар. Сондықтан оларды қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз.Шарын ұлттық паркі — мұндай сирек түрлердің сақталып, көбеюіне қолайлы жағдай жасап отырған бірегей табиғи аймақ. Осындай ғажайып сәттер табиғаттың қаншалықты бай әрі нәзік екенін еске салады", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Чарынский Национальный Парк (@charyn___official)
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз