МРТ тартып әкеткен мойнында темір алқасы бар ер адамды ақ халаттылар құтқара алмады

Жаңалықтар

Америкалық емханалардың бірінде 61 жастағы ер адамды магнитті-резонансты томография (МРТ) аппараты тартып әкетті. Ер адамды құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News-тің хабарлауынша, Нью-Йорк тұрғынының мойнында металл алқа болған. МРТ тұрған бөлмеге ол рұқсатсыз кіріп кеткен.

"Қосулы МРТ құрылғысы оны бірден тартып кетті. Зардап шеккен адам емхананың пациенті болмаған, ол медициналық мекемеге басқа біреумен еріп келген", деп нақтылайды журналистер.

Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады.

Бұған дейін газ толы шардың жарылуынан вьетнамдық блогердің беті күйіп қалғанын жазғанбыз.