"Әйелін ондаған жыл бойы азаптады, соққыға жықты" делінген экс-дипломатқа сот үкімі шықты.
Осылайша, Сәкен Мамаш алты жылға сотталып кете барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық дипломаттың әйелі Карина Мамаш бұған дейін әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, оқиғаның жай-жапсарын айтып берген еді. Ол күйеуін дипломат мәртебесінен айырып, соттауды сұрады.
"Мен Мамаш Карина Госманқызы – БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келемін. Маған көрсеткен бүкіл қорлығы – оның ішінде физикалық, сексуалдық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін күйеуімді дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге отырғызғанын қалаймын" деген еді ол бейнеүндеуінде.
Әйел сол уақытта бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққаны туралы хабар таратқан болатын.