Атырауда 90 шақырым кәріз жүйесі жүргізіледі

Жаңалықтар

Атыраудың іргесіндегі елді мекендерге 90 шақырым кәріз құбыры жүргізіледі.

Бұрын септик пайдаланған жеке секторлар орталық кәріз жүйесіне қосылады. Осы мақсатта 10 жоба жасалды. Биыл құны 7 млрд 600 млн теңге болатын 2 жоба жүзеге асады. Соңғы жылдары шағын аудандарда көктем-күз айларында аулаларды су басып, жерасты сулары жиі көтеріледі. Салдарына бау-бақша мен жеміс ағаштары қурап қалатын. Осыған орай тұрғындардың өтінішімен былтыр 2024-29 жылдарға арналған кешенді жоба жасалды. Ол 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңінде 4 елдімекен орталық кәріз жүйесіне қосылады.

Нұрболат Бөлеков, қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда Жұлдыз-1, Жұлдыз-2 ықшам аудандарынан 65 шақырым шығып тұр, кәріз жүйесінің Оның құны 5,9 млрд. Геолог пен Мирастың жаңағы бөлігіне қатысты ол жерге 1,7 млрд теңге, жобаның құны. Ол жерде 25,5 шақырым құбырлық линия шығып тұр. Геолог, Мирас және Жұлдыз-1,2-нің жұмыстары бұйырса, алдымыздағы сәуір айында басталады. Мемлекеттік сатып конкурсының құжаттары рәсімделіп жатыр, қаражаты қарастырылып тұр.