Елімізде шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды

Жаңалықтар

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Жайсан-автомобиль" шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.

Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:

— 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);

— 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;

— 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.

Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.