Бұл жағдай тура бір апта бұрын керісінше болған еді.
Ол кезде Кутаисиге қонаққа барған қазақстандық команда футболшыларының дұрыс тынығуына кедергі келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, бүгін UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтеді. Ойын алдында Грузияның "Торпедо" командасы орналасқан Шымкенттегі қонақүй маңында түнгі уақытта бірнеше фейерверк атылған. Белгісіз біреулердің іс-әрекеті түнгі 02:00 басталса, 04:00-де тағы қайталанған. Оқиға 17 шілдеге қараған түні тіркелді.
Бұл жағдай әлемдік футбол жанкүйерлеріне етене таныс. Өтйкені, бұл футболшылардың тынығуына кедергісін келтіреді, ойын алдындағы көңіл күйіне әсер етеді.
Бір жағынан осыны жанкүйерлер арасындағы "кек қайтару жауабы" деуге болатындай. Себебі, бұл тура бір апта бұрын да қайталанған еді. Ол кезде грузин жанкүйерлері "Ордабасы" клубы орналасқан қонақүйдің жанында фейерверк атқылап, ойыншыларға тыныштық бермеді.
Осылайша, алғашқы кездесу 10 шілдеде Грузияда өтіп, "Торпедо" 4:3 есебімен жеңіске жетті. Қарымта матч бүгін сағат 21:00-де Шымкентқаласында өтеді. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.