Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов жазасын жеңілдету туралы өтінішпен сотқа жүгінді, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше апта бұрын Бақытжан Байжанованың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев рақымшылық туралы заң қабылданса, оның қорғауындағы азаматтың жаза мерзімі үштен бірге, яғни шамамен сегіз айға қысқартылуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Байжанов расында да жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш бергенін айтты.
"9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына рақымшылық туралы заңға сәйкес жазасын қысқарту туралы өтініш берді. Өтінішті қарау мерзімі әлі анықталған жоқ", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз