Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстаннан жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құрады. Бұл 2023-2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,4%-ға артық, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен .
Экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан — 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан — 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан — 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан — 238 мың тонна (+96%), Иран — 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан — 713 мың тонна (118,8 есеге өскен).