Алғашқы АЭС құрылысына жергілікті компаниялар да қатысады

Жаңалықтар

Жобалық-сметалық құжаттар әлі дайын емес.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына барынша отандық компаниялар тартылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет басшысы АЭС құрылысына барынша отандық компаниялар тартылады деп сендірді.

"Бірақ әлі нақты цифрларды айту мүмкін емес. Өйткені жобалық-сметалық құжаттар дайын емес. Олар дайын болғаннан кейін нақты цифрлар пайда болады. Сонда айта аламыз. Бірақ ең басты қағидат – қазақстандық компанияларды тарту", – деді Олжас Бектенов.

Оның бірінші орынбасары Роман Склярдың сөзінше, жобалық-сметалық құжаттама желтоқсан айына қарай дайын болады.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстандағы ең алғашқы АЭС-ті кім салатыны белгілі болғанын жазғанбыз. Росатом Қазақстандағы АЭС-тің құрылысына ғана жауапты. Жоба коммерциялық сипатқа ие. Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасына қол қойды.