"Жақсы көрінгім келмейді": Бектенов коммуналдық қызмет қымбаттай беретінін айтты

Жаңалықтар

Үкімет осы мәселе бойынша ұстанымын ашық білдірді .

Премьер-министр Олжас Бектенов коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы қайталап айтамын. Тарифтердің өсу қарқынының баяулауы олардың өсімі тоқтатылады дегенді білдірмейді. Мұны бәрі түсінуі тиіс. (...) Мен жақсы көріну үшін "тарифтер өспейді" дегім келмейді. Жоқ, тоқтата алмаймын. Олар өсе береді. Бұл арқылы біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестиция тартатын боламыз", – деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, тарифтерді көтеру мәжбүрлі қадам болып отыр.