16 шілдеде телерадиоарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Жаңалықтар

Жұмыстар кезінде Қазақстан бойынша телерадиоарналардың таратылымы уақытша тоқтатылады.

16 шілдеде телерадиоарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше телевизиялық және радио хабарларын үздіксіз әрі сапалы тарату мақсатында тоқсан сайын спутниктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдары тексеріледі.

"2025 жылғы 16 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарына сервистерді тоқтата отырып, жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар кезінде Қазақстан бойынша телерадиоарналардың таратылымы уақытша тоқтатылады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева "Славян базары" байқауында Гран-при иеленді