Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты ісі бойынша негізі сот отырысы басталды. Бүгінгі сот процесінде прокурорлар айыптау актісін жариялады. Алайда Перизат Қайрат та, анасы да тағылған айыптармен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Айыптау актісімен келіспеймін. Қарапайым сөзбен айтқанда, тергеушілердің фантазиясы үшін мен жауапты емеспін. Маған негізсіз айып тағылып отыр. Сот процесі енді ғана басталғандықтан, алда барлық уәж бойынша өзімді қорғаймын", — деді Перизат Қайрат.
Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да кінәсін мойындамайтынын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз