Оған медициналық көмек қажет болмады.
Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен туристке құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Шарын шатқалында Қостанай облысынан барған турист жыраға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмады. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болды. Ер адамның достары көмектесуге тырысқанмен, оны шығара алмаған. Содан жақын жерде орналасқан ТЖМ механикаландырылған күзетінде кезекшілік еткен құтқарушылардан көмек сұраған", – делінген хабарламада.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде 1989 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ азаматтарды туристік жорықта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Оқи отырыңыз: Шарын шатқалында жаңа визит-орталық ашылды