Қазақстанда келесі аптада бірқатар телеарна мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады

Жаңалықтар

Елімізде келесі аптада төрт күн бірқатар телеарна мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласындағы "Көк-Төбе" телемұнарасы РТС-да жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты, 2025 жылдың 15-18 шілдесі аралығында теле және радиоарналардың таратылымында уақытша үзілістер болады.

Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", — делінген хабарламада

Жұмыс кестесі:

  • 2025 жылғы 15 шілде: 08:00-ден 17:00-ге дейін;
  • 2025 жылғы 16 шілде: 06:00-ден 17:00-ге дейін;
  • 2025 жылғы 17 шілде: 08:00-ден 17:00-ге дейін;
  • 2025 жылғы 18 шілде: 08:00-ден 17:00-ге дейін.

Көрсетілген кезеңдерде келесі телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады.

Цифрлық эфирлік теледидар:

  • QAZAQSTAN;
  • "Хабар HD";
  • 24KZ;
  • BALAPAN;
  • "ЕЛ АРНА";
  • Jibek joly;
  • ABAI TV;
  • "Еуразия бірінші арнасы";
  • Almaty;
  • QAZSPORT HD;
  • "МИР";
  • Astana TV;
  • "КТК";
  • "НТК";
  • "Жетінші арна";
  • "31 арна";
  • Alatau;
  • ATAMEKEN BUSINESS;
  • "МИР 24";
  • "Жетісу";
  • Sport Plus Kazakhstan;
  • "Телекомпания MZ";
  • "ТДК-42";
  • "Новое телевидение".

FM-диапазонындағы радиостанциялар:

  • "Эльдорадио Алматы 91,7МГц";
  • Radio City 88,9МГц;
  • LUX FM 87,7МГц;
  • QAZAQ RADIOSY 101МГц;
  • "Радио Energy FM 102,2МГц";
  • Classic радиосы 102,8МГц;
  • Love Radio 103,5МГц;
  • Radio MONTE CARLO 104МГц;
  • "Русское радио Азия 104,7МГц";
  • "Авторадио Қазақстан 105,4МГц";
  • "Радио NS 106МГц";
  • "Шалқар радиосы 106,5МГц";
  • "Европа Плюс Қазақстан 107МГц";
  • "Народное радио 100,2МГц";
  • "Той Думан радиосы 101,8МГц";
  • "Жұлдыз FM 101,4МГц";
  • "Радио Дача 91,3МГц":
  • "Business FM 89,6МГц":
  • "Ретро FM Qazaqstan 107,5МГц";
  • Orda FM 99,3МГц;
  • Beu FM 97,7МГц";
  • ASPAN FM 98,9МГц".

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз