Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс елорда тұрғындарымен кездесуде жанар-жағармай қоры туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, қалада жанар-жағармай қоры жеткілікті.
"Аи-92 бензині – 39 күнге, дизель отыны – 39 күнге жетеді. Министрлік әкімдік пен монополияға қарсы органдармен бірлесе отырып, баға мен логистика бойынша тұрақты мониторинг жүргізеді. Ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында кейбір мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған", — деді ол.
Бақытжан Ілиястің мәліметінше, Астанада сұйытылған газдың бөлшек саудадағы бағасы – литріне 102 теңге.
Қалада 6 газ толтыру станциясы және 73 автомобильге арналған газ құю бекеті жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, вице-министр халықпен кездесуде энергетика, газдандыру салаларындағы негізгі нәтижелер мен басымдықтарды таныстырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз