Көкжайлауда ерекше оқиға болды. Онда қабандар Ресейден келген екі туристтің жолын жауып тастаған. Алматының құтқару қызметі бұл серуеннің қалай аяқталғанын Zakon.kz тілшісіне айтып берді.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 9 шілдесі күні кешкісін сағат 18:45-те Алматы қаласының "109" құтқару қызметіне Ресейдің екі азаматы хабарласқан.
Белгілі болғандай, Көкжайлау жолынан түсу кезінде әйелдердің жолын бір топ жабайы қабан бөгепті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Құтқару қызметі (@109_almaty)
Бес құтқарушы бірден оқиға орнына "БАУ" бекетінен шыққаг. Сағат 20:24-те құтқарушылар туристермен визуалды байланыс орнатты.
"Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екеніне көз жетті", – деп атап өтті мамандар.
Сондай-ақ, барлық туристерге ескертілді:
- Тауға барған кезде ауа-райы мен физикалық белсенділікті ғана емес, жабайы жануарлармен кездесу мүмкіндігін де ескеріңіз.
- Қауіпті жағдайда дереу 109 нөміріне хабарласыңыз.
Кеше Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Бөлектау тауында да құтқарушылар 58 жастағы әйелге көмекке келді. Қан қысымы жоғары болғандықтан, ол өздігінен түсе алмады.