Ақ үйдің жанында атыс болып , тәртіп сақшыларына бағынбаған адам оққа ұшты, деп хабарлайды 24kz.
Оқиға бірер сағат бұрын АҚШ президентінің резиденциясы маңында болды. Дональд Трамп бұл уақытта Вашингтонда болмаған. Америкалық құпия қызметтің баспасөз хатшысы Энтони Гульельмидің мәлімдеуінше,өз-өзіне қол жұмсағысы келген бәзбіреудің Индианадан Вашингтонға бет алғаны туралы ақпар оларға алдын ала жеткен. Күдіктіге қатысты сипаттамалар сәйкес келетін адам тура Ақ үйдің сыртына көлігін қойып, қару асынған күйі көзге түскен. Құқық қорғаушылар оған жақындай бергенде күдікті бой бермей, қарулы қақтығысты бастаған. Құпия қызмет өкілдері оқ атып, қарулы адамды жаралаған. Қазір күдікті ауруханада. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.