Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жаңалықтар

Жамбыл облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 шілде Астана уақытымен 14 сағат 30 минутта Жамбыл облысында жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Сезілу деңгейі туралы мәліметтер:

  • Құланда – 6 балл;
  • Меркіде – 5 балл;
  • Шу қаласында – 3 балл;
  • Сарыкемерде – 3 балл;
  • Төле би ауылында – 3 балл;
  • Тараз қаласында – 3 балл;
  • Асада – 2 балл;
  • Мойынқұмда – 2 балл;
  • Қордайда – 2 балл;
  • Бауыржан Момышұлы ауылында – 2 балл;
  • Қаратау қаласында – 2 балл;
  • Тұрар Рысқұлов ауылында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айында да Жамбыл облысында күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.

Кейін Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта өңірде тағы да тағы жер сілкінді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз