Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогының финалында үш қазақстандық боксшы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ақорда. Финалды мемлекет басшысы да тамашалады.
Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды. Ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.
Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.