Назым Қызайбай Әлем кубогының алтын жүлдесін иеленді

Жаңалықтар

Алғашқы алтын жүлде қоржында . Алда тағы 11 финалда боксшыларымыз шаршы алаңға шығады.

48 келі салмақты Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекте үндістандық Минакши Минакшимен жұдырықтасты. Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай техникалық және тактикалық тұрғыда өзінің мықтылығын дәлелдеп, ақтық сыңда жеңіске жетті.

Осылайша Назым Қызайбай Әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды.

Әлем кубогында жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан Өзбекстан. Айта кетерлігі, көршілес ел бұл жолы Астанаға ерлер құрамасын алып келмеді(тек әйелдер құрамасы келді). Соған қарамастан, өзбек боксшылары 11 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы әзірге 4-орында. Ал турнирде үздік атанып, жалпы есепте бірінші орынға шығу үшін жерлестерімізге бүгін Назым Қызайбайдың алтын жүлдесін қоса алғанда кемінде тағы 8 алтын медаль жеңіп алу қажет.

Алдағы уақытта тағы 11 қазақстандық былғары қолғап шебері алтынға таласады.