Оралда өрт кезінде үйде үш жасар бала мен оның анасы қалып қойған

Жаңалықтар

Өрт 70 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Оралда өрт кезінде үш жасар бала мен оның анасы құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, түнде Татарский көшесінде орналасқан үш пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.

"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау барысында үйде әйел мен баланың қалғанын анықтады. Өрт сөндірушілер төбесі жанып жатқан үйге кіріп, өр құрсауында қалғандарды тапты. Құтқарушылар қыз бала мен анасын далаға алып шықты", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Түркия қонақүйіндегі алапат өрт: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты


Өрт 70 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.