Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Нәтижесінде небәрі үш күнде отыздан аса қару жасырылған жер анықталған. 360 түрлі атыс қару, 12 граната мен үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Одан бөлек, тексеріс барысында бұрын жоғалған жеті қару табылды. Оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны белгілі болды.
Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы:
- Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды. Шара барысында атыс қаруын заңсыз алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІМ азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады.