Жамбыл облысында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықталды

Жаңалықтар

Сарысу ауданының прокуратурасы 38,1 млн теңге көлеміндегі шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталды.

2025 жылғы 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.