Сирия Қарулы күштері мен Башар Асад жақтастары арасында қарулы қақтығыс басталды.
Салдарынан 3 күн ішінде мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың ішінде 745-і бейбіт тұрғын. Қалғаны сарбаздар. Қақтығысушы тараптар қазір Латакия мен Тартус провинцияларында атысып жатыр. Аймақта әскери бөлімшілер құрылды. Жауынгерлік тікұшақтар тартылды. Жергілікті билік шиеленіс кезінде коменданттық сағат енгізіп, жолдардағы қозғалысты шектеді. Сирияның уақытша басшысы Ахмед Аш-Шара қарсы топты қасарыспауға шақырды.