Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде бір күнде екі жеңіске қол жеткізді

Жаңалықтар

Әлемнің 999-ракеткасы , 20 жастағы Сандуғаш Кенжебаева Мааньшань (Қытай) ITF W15 турнирін сәтті бастады, деп тхабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші алдымен жекелей сында корт иесі Дуаньжуй Гаоны 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Сандуғаш Кенжебаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 348-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, тағы бір қытайлық Ли Цзуньюй Х-мен таласады.

Қазақстандық спортшы қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 969-орынға көтеріліп тұр.

Сандуғаш жұптық сында ресейлік Софья Лансеремен бірге жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген. Олар алғашқы айналымда тартысты матчта қытайлықтар Хоу Янань – Ван Цзяиды жолдан тайдырды – 6:3, 3:6, 10:5. Сөйтіп ширек финалға жолдама алды.

Сандуғаш Кенжебаева мен Софья Лансере мамыр айында дәл осы додада чемпион атанған еді.