Мұз құлайды: ТЖМ ескерту жасады

Жаңалықтар

ТЖМ ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шараларын еске салды.

қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;

көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;

қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;

құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.

Назар аударыңыз! Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз — тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады.