Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны Нью-Йорк төрінде көрсетілді

Жаңалықтар

Оның АҚШ-тағы әншінің жанкүйерлері ұйымдастырды.

Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің «Love’s not over yet» атты жаңа әні Times Square алаңында көрсетілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Dimashnews сайтындағы ақпаратқа сенсек, оны АҚШ-тағы жанкүйерлер – US Dears тобы ұйымдастырды.

Бейнебаян төрт экранда үш орында, соның ішінде қос экраны бар бір алаңда көрсетілді. Орналасқан жері – Таймс-сквердің жоғары жағында орналасқан метро станциясының жанында. Оны өтіп бара жатқан көптеген адам көрді.

Экраннан көрсетілер алдында жанкүйерлер жалға алынған залда бейнебаянның тұсаукесері үшін арнайы жиналды. Қонақтар арасында қазақстандық БАҚ өкілдері де болды.