Астанадағы Әлем кубогы: қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды

Жаңалықтар

Бүгін Астанда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан Әлем кубогы басталады. Осы орайда жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталған. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін ірі доданың алғашқы күні ерлерден Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды.

  • Күндізгі сессия: 14:00
  • Кешкі сессия: 19:00

50 келі. 9 боксшы

1/4 финал

  • Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы Әлем чемпионы) – Кото Шудай

55 келі. 14 боксшы

1/4 финал

  • Сабырхан Махмұд (2023 жылғы Әлем чемпионы) – Шин Жаенг

60 келі. 17 боксшы

1/8 финал

  • Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – Якоб Кассар (19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері)

65 келі. 19 боксшы

1/8 финал

  • Ертуған Зейнуллиннов (2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері) – Ахмет Пекел

70 келі. 15 боксшы

  • Абылайхан Жүсіпов (3 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Алмаз Орозбеков (22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалисі)

75 келі. 9 боксшы

  • Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори

80 келі. 15 боксшы

1/8 финал

  • Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері) – Мурад Аллахвердиев — қос боксшы Париж Олимпиадасының ширек финалында жолыққан.

85 келі. 6 боксшы

1/4 финал

  • Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы) – Лачлан Лаусон

90 келі. 10 боксшы

  • Сағындық Тоғамбай (Азия чемпионы)

Ширек финалда екі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азиз Аббес Мухийдин (Италия) немесе Малачи Джоржес (АҚШ) жұбының жеңімпазымен жолығады.

+90 келі. 13 боксшы

  • Айбек Оралбай (2 дүркін Азия чемпионы) – Хосе Агустин Трисет.

Айта кетейік, бокстан Әлем кубогының үшінші кезеңі Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.