Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады

Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Шолпан-Атада кездесу өткізді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізген.

Кездесуде тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылаған.

Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырған.