Жетісуда болған жол апатынан екі полицей қаза тапты

Жаңалықтар

Тәртіп сақшылары қызметтерін атқару кезінде қайтыс болғаны мәлім болды , деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақпаратты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жария етті.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады", — деді Ержан Сәденов.

Министрдің сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмекті көрсетпек.