Бүгін 2 қалада ауа сапасы төмендейді

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kzинтернет порталы .

2025 жылғы 29 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, – делп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.