Астанада БАҚ қызметкерлері марапатталды

Жаңалықтар

Елордада сала үздіктері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Салтанатты марапаттау рәсімі Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы атынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов марапаттарды табыстаған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, рәсім барысында журналистер «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапат иегерлері — отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар. Олардың қатарында редакторлар, теле-радиоарналар қызметкерлері, дизайнерлер, продюсерлер мен өңірлік тілшілер бар.