Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді

Жаңалықтар

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіруде. Мәселен, 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Негізгі өзгерістер қазақстандық тауар өндірушілерді:

шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту. Бұл міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылуын болдырмайды;

тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту. Бұл шара өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға мүмкіндік береді;

аванстық төлем мөлшерін 30 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту бөлігінде қолдауға бағытталған.

Жалпы, аталған өзгерістер жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.