Үздік колледж түлектері әкімдіктен марапат алды

Жаңалықтар

Студент кезінде-ақ толайым табысқа жетіп, халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған түлектерге әкімдік атынан алғыс хат табысталды.

Марапатқа Астананың 1000-нан астам колледж студенті ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жастардың кәсіби жолын айқындауға үлес қосқан оқытушылар да назардан тыс қалмады. Іс-шара жұмысшы мамандықтардың әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.