Қазақстанда құрылыс барысын дрон мен жасанды интеллект бақылайды

Жаңалықтар

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы енді дрон мен жасанды интеллектінің көмегімен бақыланбақ.

Оның айтуынша, дрон құрылыс нысанын айналып ұшып, алынған мәліметтерді жасанды интеллект талдайды. Цифрлық жүйе алынған деректерді бекітілген бас жоспарлар мен жобалық құжаттамамен салыстырып, сәйкессіздік анықталған жағдайда ақпарат Мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылау комитетіне жолданады.

Вице-министр пилоттық жобаның жыл соңына дейін іске қосылатынын атап өтті.

Айта кетейік, елімізде Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр.