Семейде бұзақы көлік жүргізу кезінде автобус жүргізушісіне қол жұмсаған

Жаңалықтар

Автобустағы бұзақылық: полиция қатаң шара қабылдады, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Семей қаласының 45 жастағы тұрғыны, қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген азамат анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы аясында іс қозғалды. Материалдар жақын күндері сотқа жолданады.