Қыркүйек айынан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары бақылауға алынады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осылай деді. Салық органдары негізгі үш критерийге басымдық береді. Алғашқысы — шотыңызға 100 түрлі адамнан ақша аударылуы тиіс. Екіншісі — бұл үрдіс үш ай бойы үздіксіз қайталануы керек. Ал соңғысы — аударымдардың жалпы соммасы 1 млн теңгеден асуы міндет. Осы жағдайда ғана банктер мемлекеттік органға жасалған операциялар туралы толық ақпарат береді. Ал бір-біріне туыс адамдардың арасындағы аударымдар есепке алынбайды.
Оңғар Алпысбайұлы