Қошанов парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды

Жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Бірлескен отырыс 27 маусым, сағат 10:00-де өтеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", — деп жазылған Өкім мәтінінде.