Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев үлкен қызы Саиданы Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ NUR.KZ.
Асадовтың мәліметінше, Президент әкімшілігінің құрылымында өзгерістер болған.
"Президент әкімшілігінің басшысы лауазымы қайтадан енгізілді. Президент жарлығымен бұл қызметке Мирзиеева Саида Шавкатқызы тағайындалды", — деп жазды Шерзод Асадов Telegram-дағы арнасында.
Айта кетейік бұған дейін Саида Мирзиеева президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы тамызда тағайындалған еді.