Астанада конкур бойынша республикалық турнир басталды

Жаңалықтар

Ат құлағында ойнайтын 30 шабандоз 3 күн бойы кіл мықтының ішінен үздігін анықтамақ.

Спорттық шара бағдарламасы екі санат бойынша өткізіледі. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсететін болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дәрежесіне сәйкес дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.