Испанияда сәулет пен цифрлық өнерді біріктірген бірегей көрме ашылды

Жаңалықтар

Бильбаодағы Гуггенхайм музейінде суретші Рефик Анадолдың ерекше туындысы қойылды , деп хабарлайды 24kz.

Ол өз картинасында жасанды интеллект арқылы сызбаларды динамикалық цифрлық бейнелерге айналдырған. Нейрожелі арқылы қаламмен салынған картиналардың сандық нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды. Ал алуан түрлі бояуларды 50-ден астам арнайы проектордың көмегімен жасаған.

«Бұл жалпы өнер әлемі үшін бұрын-соңды болмаған тың дүние болды», — дейді мамандар.