ҚР Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан адамдардың 2026 жылдан бастап эвакуациялана бастайтындығы, онда да Қазақстан да оларды қабылдайтыны туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің мәлімдемесі тарады. Ол 2026 жылдан бастап Газа секторының тұрғындарын кезең-кезеңімен эвакуациялау басталатынын айтқан. Онда олар Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне көшіріледі-мыс, деп жазады Stopfake.kz.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз", – деп хабарлады ведомстодан.
Айта кетсек, Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда.