Суперкомпьютер маусымның соңында іске қосылады

Жаңалықтар

Елімізге суперкомпьютерлер жеткізілді. Бұл жөнінде «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді. Ол суперкомпьютерлерді «Қазақстанның болашағы» деп атады. Қазір құрылғылар қоймада тұр. Бағдат Мусиннің сөзінше, Алматыда «Қазақтелеком» деректер орталығының алаңында монтаждау жұмыстары басталады. 10 күннен кейін ол дайын болады. Осыдан соң мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен корпоративтік тапсырыс берушілерге қолжетімді болады. Техногендік апаттар мен қауіп-қатерді олар басталмай тұрып модельдеу, қалалардағы трафикті алдағы жылдарға есептеу, дәрігерлерге деректердің негізінде тезірек диагноз қоюға көмектеседі. Бұдан бөлек шетелдік серверлерге тәуелді болмай, өзіміздің ЖИ өнімдерімізді іске қосуға мүмкіндік болады.

Самал Қабышева