Ақтөбеде жолға шығып кеткен қызды жүргізушілер құтқарып қалды

Жаңалықтар

Ақтөбеде кішкентай қыз жалғыз өзі көлік зулап жатқан жолға шығып кеткен . Жүргізушілер баланы соңғы сәтте құтқарып қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Некрасов көшесінде орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған видео тарап жатыр. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілер тосын жайттың куәсі болған.

Жүргізушілер көліктен дереу түсіп, балаға көмектесуге асыққан.

Бала зардап шеккен жоқ. Полиция баланың ата-анасын іздеп жатқанын хабарлады.

"Бұл дерек тіркелді, полицияның бақылауында. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Дереу тоқтап, баланы қауіпсіз жерге шығарған, бей-жай қарамаған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз", — деді Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілі.

Баланың ата-анасы немесе қамқоршысы кім екені әзірге анықталған жоқ. Анықталғаннан кейін олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!