"Рэкетир" фильмінің актёрлері Әсел Сағатова мен Саят Исембаев бірге ел алдына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
TikTok желісінде қызық видеолар жариялау үшін қайта кездесіп, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді.
"Әсел, бұл сен бе? Мен сені 19 жылдан бері көрмедім. Ұлды болғанымызды білесің бе? Қазір ол өсті. Осы маңайда бір жерде қыдырып жүр, оның аты Сануржан", – дейді Исембаев видеода.
Олардың әзілін желі қолданушылары жылы қабылдады. Осындай видеолар Саят Исембаевтың парақшасында да жарияланды.
"Қандай әдемі жұп”, “Саян – бала күніміздегі краш”, “Әсел сондай сұлу, сондай сүйкімді", "Жақсы әртістер, рахмет", "Екі үздік актёр кездесті", “Рэкетирді” қайталап көргендер біргеміз”– деп жазды желі қолданушылары.
@assel_sagatova Тизер к четверной части???? (шучу✋)
♬ оригинальный звук — Assel Sagatova