Австралия Тегерандағы елшілік жұмысын тоқтатып, дипломаттары мен отбасы мүшелерін көшіріп жатыр.
Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Тек елшінің өзі Иранда қалады. Оған Австралия үкіметінің қақтығыс кезіндегі іс-қимылын үйлестіру міндеті жүктелген. Бұл елдің консул қызметкерлері Әзербайжанға жіберіледі. Олар сол жақтан Тегераннан кетіп жатқан отандастарына көмектеспек. Бұған дейін Ресей, Болгария, Словения мен Британия өкілдіктері Ираннан кеткен болатын.