Израильдің әуе күштері Иранның ішкі қауіпсіздік қызметінің штаб-пәтерін атқылады.
Құрбандар туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ Тегерандағы бас полиция басқармасына да шабуыл жасалып, ғимараты талқандалды. Бірнеше сақшы жараланған. Әзірге нақты саны белгісіз. Десе де, Иран әуе қорғанысы көптеген зымыран, дрондарды қағып түсірген. Израильдің түні бойы жасаған шабуылдарынан 30 ирандық қаза тапты. Бұл "әл-Жазира" телеарнасының мәліметі. Жалпы қақтығыс басталған 13 маусымнан бері парсы елінде Израиль шабуылдарынан 639 адам қаза тауып, 1320-дан астамы жараланды. Израильдегі құрбандар қатары 24 адам. Жарақат алғандар 800-ден асады.